13 Мамыр 18:17

Юрий Дудь «Ирина Қайратовнамен» екі сағаттық сұхбат жариялады

Фото:

Ресейлік журналист Юрий Дудь «Ирина Қайратовна» тобының қатысушыларымен екі сағаттық сұхбат түсірді.

Алматы, NEGE. Юрий Дудь сұхбат үшін түсірілім командасымен Алматыға ұшып келді.

Бұған дейін журналист қазақстандық музыканттар Скриптонит, Jah Khalib, комиктер Нұрлан Сабуров және Евгений Чебатковпен сұхбаттасқан болатын.

«Ирина Қайратовна» тобының мүшелері – әзілкеш және музыканттар Алдияр Жапарханов, Илья Гуменный, Жасұлан Оңғаров, Азамат Маркленов, Ұлан Қайырласов және жобаның режиссері Қуаныш Бейсеков.

Шығармашылық бірлестік Қазақстан астанасында 2017 жылы пайда болып, өз жолын YouTube-те «Шоу Ирины Кайратовны» атты әзіл-сықақ видеолардан бастаған.

Тегтер: