16 Қыркүйек 17:00

Орға түскен киіктердің видеосы тарады

Фото:

Маңғыстауда киіктер жолдағы шұңқырдан шығарылды, – деп хабарлайды InAktay порталы.

Алматы, NEGE. Шұңқырға құлап кеткен жануарлардың бейнежазбасы 15 қыркүйекте әлеуметтік желілерде жарияланды. Бір үйір киік қазылған орға түсіп кеткен. 15-тен аса киік ордан шыға алмаған, ішінде біреуі жаралы болған.

Киіктерді шұңқырдан шығаруға өңір тұрғындары көмектесті. Олар жол техникасының көмегімен жерді тегістеп, жануарларды сыртқа шығарды. Киіктер бірден далаға кетті.

Қазақстанда киіктер мемлекет қорғауына алынған. Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.

Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының мәліметі бойынша, 2019 жылғы авиациялық зерттеу Қазақстандағы киіктердің жалпы саны 334 400-ге жеткенін көрсетті, оның ішінде Бетпақдалада - 111 500, Оралда - 217 000 және Үстіртте - 5900 екені анықталды.

Тегтер: