19 Қазан 15:00

Мешіттегі жарылыстың видеосы жарияланды

Фото:

Ауғанстанның Кандагар қаласындағы Имам Баргах мешітінде жұма намазы кезінде жарылыс болды. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыстан 63 адам қайтыс болған.

Алматы, NEGE. Оқиға 15 қазанда ең үлкен шейіттер мешітінде болды. Әлеуметтік желіде осы жарылыстың видеосы да тарап кетті. 

Видеодан қолдарында автоматы бар екі лаңкестің мешітке қарай бет алғаны және ғимараттың кіре берісіндегі күзетшілерге оқ атқаны байқалады.

Басқа кадрларда мешіт ауласында намаз оқып жатқан адамдар бвр.

Алдымен лаңкестер жамағатқа оқ жаудырады, кейінірек жанкешті өзін-өзі жарып жібереді, бұл тірек конструкциялардың құлауына әкелді.

Тегтер: