USD
USD
USD

«Машинамен сүйреді, ағаш сынғанша ұрды...»

«Әкелі-балалы Ғабит пен Аян Үмбетовтер жала жапты, соққыға жықты» деген ағайынды Әлібаевтардың басындағы жағдай туралы Nege.kz порталы бұған дейін де жазған. Тілшіміз Алматы облысының Жамбыл ауданына арнайы барып, оқиға орнын өз көзімен көрді.

«Машинамен сүйреді, ағаш сынғанша ұрды...»
Фото: NEGE.kz

Ағайынды жігіттерді ұрып-соққан полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған. Алайда Үмбетовтердің бұл істегі статусын анықтау мүмкін болмай тұр. Алматы облысының Полиция департаментінің бастығына және Алматы облысының прокурорына жолданған ресми сауалдарға әлі жауап жоқ.

Естеріңізге салайық, Nege.kz редакциясына Алматы облысының Жамбыл ауданынан ағайынды жігіттер Мадияр мен Сапарбек Әлібаевтар шағымданды. «Үмбетовтерден жәбір көрдік» деген жігіттер Мемлекет басшысына, Ішкі істер министріне, Бас прокурорға және басқа да құзыретті органдарға  хат жолдаған.

«Бізге Ғабит Үмбетовтің 56 бас жылқысын ұрладыңдар деп айып тағып жатыр. Бірақ біз ешқандай жылқы ұрлаған жоқпыз», – дейді ағайындылар. Әлібаевтардың айтуынша, Үмбетовтер олардан 30 млн теңге талап етіп отырған көрінеді. 

Nege.kz тілшісі Алматы облысының Жамбыл ауданына арнайы барып, оқиға болған жерді өз көзімен көріп қайтты. Жамбыл аудандық полиция бөлімінің басшылығы «Алматы облыстық ПД бастығының рұқсатынсыз ештеңе айта алмайтынын» ескертіп, жауап күтуді сұраған. Алайда генерал С.Күдебаевтан сол күйі жауап болмады...   

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық