USD
USD
USD

Корея Республикасына сапар: Мемлекет басшысының қатысуымен жаңа фильм жарияланды

ҚР Президентінің телерадио кешені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары жайлы жаңа фильм түсірді. 

Корея Республикасына сапар: Мемлекет басшысының қатысуымен жаңа фильм жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында стратегиялық серіктестік мығым іргетасы қаланған. Екі елді тек экономикалық ынтымақтастық қана емес, сонымен бірге көп жылғы ортақ тарих та біріктіреді. Елдер болашаққа көз сала отырып, барлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Қазақстанға Оңтүстік Корея тарапынан инвестиция көлемінің арта түсуі бұған дәлел бола алады. Автомобильдің өндірістік базасын құру, цифрлық экономикаға инновация, мәдени байланыстарды кеңейту – бұл «Ынтымақтастықтың «самал желі». Мемлекет басшысының Корея Республикасына сапары қорытындысы бойынша ҚР Президентінің телерадио кешені түсірген жаңа фильмді YouTube-арнамыздан көріңіздер», - деп хабарлады ҚР Президентінің телерадио кешені Facebook парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, өткен айда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапар жасаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды

.

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

.

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты

.