20 Қаңтар 14:43

Қару-жарақ дүкендерін тонаған топ ұсталды

Фото:

Алматы қаласындағы дүрбелең кезінде қару-жарақ сататын дүкендерді тонап, арандату мақсатымен қару таратқан адамдар анықталды. Бұл туралы Алматы қаласының ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков мәлімдеді.

Алматы. NEGE. «Жаппай тәртіпсіздік кезінде күдіктілер қару-жарақ дүкенінен алып шыққан қаруларын Республика алаңына жиналғандарға таратқан. Шұғыл шаралар барысында қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктілердің кімдер екенін анықтады. Олар қала базарларының бірінде ұсталды. Қазіргі таңда қамауда отыр. Біз олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын міндетті түрде тексеретін боламыз», - деп мәлімдеді Берік Әбілбеков.

Тегтер: