29 Желтоқсан 13:41

Димаштың әні Жапон телеарнасынан шырқалады

Фото:

31 желтоқсан күні Жапонияның «NHK World Japan» ұлттық телеарнасында «ABU TV – 2021» атты ән фестивалі көрсетіледі. Шара барысында Димаштың әйгілі «Ikanaide» әні шырқалады.

Алматы, NEGE. «ABU TV Song Festival» – Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының жыл сайынғы Бас Ассамблеясы аясында өткізілетін Азияның кәсіби музыканттарының ірі концерті.

Димаш Құдайберген фестиваль эфирінде «Ikanaide» әнімен арнайы қонақ ретінде өнер көрсетеді. Алғаш рет жапон тілінде Димаштың орындауында аңызға айналған композиция 2021 жылдың 28 қарашасында Токио джаз фестивалінде шырқалады. Бұған дейін Димаш аталмыш фестивальға 2016 жылы Ыстамбұлда және 2019 жылы Токиода қатысқан болатын.

Ән фестивалінің көрсетілімі Жапония телеарнасында 31 желтоқсанға қараған түні (Токио уақыты бойынша 0:35) өтеді. Ал ол кең аудитория үшін 2022 жылдың 22-23 қаңтарда қолжетімді болады.

Тегтер: