Бюджеттен 228 млн жымқырған кәсіпкер сотталды

08 қазан, 14:00
Бюджеттен 228 млн жымқырған кәсіпкер сотталды
Фото: google.com

Маңғыстау облысының тұрғыны 200 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иемденуге тырысты.

Алматы, NEGE. Бюджет қаражатын жымқыру – шенеуніктер арасында ғана емес, сонымен бірге мемлекет қаржыландыратын жеке кәсіпкерлер арасында да кең таралған экономикалық қылмыс.

Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері бюджет қаражатын иемдену және ысырап ету фактісін анықтады.

2018-2020 жылдары құрылтайшысы 100% Маңғыстау облысының қаржы басқармасы болып табылатын «Ақтау тұрғын үй» ЖШС мен «Комфорт Строй Актау» ЖШС арасында күрделі жөндеуден кейін Ақтау қаласындағы 23 тұрғын үйді қабылдау және тұрғын үй-пайдалану қызметіне, сондай-ақ тұрғындардан ай сайынғы қайтарымды төлемдер мен тұрғын үй көмегін есепке алуды жүргізуге және қабылдауға шарт жасалды.

«Комфорт Строй Актау» ЖШС директоры Ю. Коренева заңсыз баю үшін ЖШС есеп айырысу шоттарынан ақша қаражатын қолма-қол шешіп алу жолымен 228 миллионнан астам теңгені қалтасына басқан. Ақтау қалалық сотының үкімімен Ю. Коренева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.