8 Желтоқсан 17:02
...

«Битва экстрасенсов» финалисі Кажетта Ахметжанова NEGE.KZ порталына сұхбат берді

Фото:
«Битва экстрасенсов» мистикалық шоуының 6-маусымында финалист болған әйгілі қазақстандық балгер Кажетта (Екатерина) Ахметжанова қазір Мәскеуде тұрады. Ол Алматыға келіп, 

Nege.kz порталына арнайы сұхбат берді.

– Кажетта, Қазақстанның болашағы туралы не айтасыз?

– Қазақтың үш иесі бар. Біріншісі – әйел. Былтыр елімізге келіп, суретке түсіп жатсам, маған ол елес болып көзіме көрінді. Екі бұрымы бар әдемі келіншек. Екінші – ақ әулие ата. Сосын, қазақтың Шопан атасы бар. Осы үш әулие біздің елді, үш жүзді ұстап тұр. Қазір адам ауысып жатыр, елдің көзқарасы мен халықтың ниеті өзгеріп жатыр. Көп адамдарға әруақ қонады. Бірақ жастар оны ұстай алмайды. Көбі түсінбей жатыр. Қазақ – өте еркін халық. Біз желдің өтіне қарсы жүреміз.

Біздің елден аруақтар жерден көтеріліп, ұшып жатыр. Мен соған қатты уайымдаймын. Жерді қорғайтын жауынгер періштелер бар. Елімізді, жерімізді жоғалтып алмасын дейді. 12 керемет бақсы шекарада отын жағып отыр. Топан су болса да, соғыс болса да, қорғайды. Біздің елде осы әруақтар бар кезде мемлекетіміз жоғалмайды. Ал оларды жоғалтып алсақ, біз Қытайдың, не Ресейдің құлы болып кетеміз.   

Билікте ауыс-түйіс бола ма? Бұған қатысты қандай да бір болжамыңыз бар ма?

– Биліктен бұрынғы адамдар кетіп, жаңасы келеді. Қазір жастар өсті. Білімді, саналы жаңа буын қатарға қосылады. Өзгерістер кезеңі келді. Бұл өзгеріс саясатта, білім мен ғылым саласында да болады...

(Жалғасы бар)

Тегтер: