USD
USD
USD

Аудан әкіміне сөгіс жарияланды

Батыс Қазақстан облысында Бәйтерек ауданы әкіміне сөгіс жарияланды. Бұл туралы облыс басшысы Ғали Есқалиев коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі жедел штаб отырысында мәлімдеді. Оқиға облыс орталығының маңындағы жағажайлардың бірінде болған.

Аудан әкіміне сөгіс жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жеке жағажайлардың бірінде жалаңаштанған жастардың кеші өткені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды. Демалыс күндері жеке кәсіпкерлер жер телімін жалға алып, жаппай іс-шара ұйымдастырғаны белгілі болды. 

«Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округі Жайық кентінің жанында "Ванильные берега" жағажайында кеш өтті. Оны жағажайды жалға алып, Орал қаласының 21 жастағы тұрғыны ұйымдастырды. Би алаңында ӘҚБтК-нің 434-бабында көзделген "Ұсақ бұзақылық" әкімшілік құқық бұзушылық жасалған. Тәртіп бұзғандардың бірі Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны екені анықталды. Қалғандарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ЖПҚ басқармасының бастығы Мирхат Аженов.

Ғали Есқалиев құзырлы орган қызметкерлерін заңсыз іс-шараға қатысқандардың бәрін жауапкершілікке тартуға шақырды.

«Бәйтерек ауданы қазір "қызыл" аймақта орналасқан. Аудан әкіміне сөгіс жариялаймын. Кешке алдын ала тыйым салу керек болған. Әдепсіз іс-шараға қатысушылардың барлығымен тәрбие жұмысын жүргізіп, олар жұмыс істейтін мектеп директорлары мен кәсіпорын басшыларына ақпаратты жеткізу қажет», - деді Ғали Есқалиев.

Кейін кешті ұйымдастырушылардың бірі кешірім сұрап видео жазды.

Қазір оқып жатыр

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

түрме

Альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

альпинист

Қазақстанда тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Ильяр Ювашев

Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасап, гитарасын тартып алмақ болған

Алматы