USD
USD
USD

Вьетнамдағы круиздік кеме апаты: қаза тапқандар саны 34 адамға жетті

Вьетнамның солтүстігіндегі Халонг шығанағында круиздік лайнердің апатқа ұшырауы салдарынан 34 адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ТАСС Вьетнам ақпарат агенттігіне (VNA) сілтеме жасап хабарлады.

Лайнер
Фото: Ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Ресми мәлімет бойынша, QN-7105 борт нөмірімен тіркелген туристік кемеде барлығы 53 адам болған. Олардың 48-і — турист, ал 5-еуі — экипаж мүшесі. Кеме қатты жел мен найзағайлы дауыл кезінде аударылған.

Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары бірден басталды. Дегенмен операцияны күшті жауын мен түнгі уақыттағы нашар көрініс қиындатып отыр. Соңғы мәліметке сәйкес, 34 адамның мәйіті табылып, 10 адам құтқарылған.

Куангнинь провинциясының порт басқармасы берген ақпаратқа сәйкес, суға кеткен кеме жолаушыларының барлығы Ханой қаласынан келген туристер. Олар отбасыларымен бірге Халонгқа демалысқа келген. Кемедегі жолаушылардың ең үлкені — 53 жаста, ал ең кішісі — үш жаста болған.

Қазір оқып жатыр

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли