USD
USD
USD

Вьетнамда блогер Қайсар Қамза ұсталды

Ішкі істер министрлігі блогерді Интерпол арналары арқылы Вьетнам Социалистік Республикасының құқық қорғау органдарымен бірлесіп, Камрань қаласында ұстады.

Қайсар Хамза
Фото: instagram.com/qais_arr

Астана, NEGE. Қайсар Қамза заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған деген күдікке ілінген.

ҚМА мәліметінше, ол әлеуметтік желілерде онлайн-казинолардың жарнамалық бейнематериалдарын жүйелі түрде жариялап, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқан. Осы әрекеттерінің нәтижесінде 100 млн теңгеден астам көлемде заңсыз табыс тапқан.

Ақша оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған.

Ішкі істер министрлігі қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлады.

Еске салсақ, қаңтарда Instagram желісінде 2,4 миллионнан астам жазылушысы бар блогер Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жарияланған еді. Іздеуге Қаржы мониторинг агенттігі бастамашы болған. Агенттік мәліметінше, Telegram арнасы арқылы заңсыз құмар ойындарды жарнамалаудан түскен ақшаға блогер сән-салтанатты өмір сүріп, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Түркияда және өзге елдердегі қымбат қонақүйлерде демалған.

Осы ақпарат шыққаннан кейін Қамзаның өзі әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасап, «Кімнің ала жібін аттап қойдым?» деп таңданысын білдірді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы