USD
USD
USD

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті қашықтан жұмыс режиміне көшеді

Ауыл шаруашылық министрлігі төтенше жағдайға байланысты кәсіпкерлерге Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті қашықтықтан жұмыс режиміне көшкенін хабарлайды.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті қашықтан жұмыс режиміне көшеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қалыптасқан жағдайға - төтенше жағдайға, күшейтілген карантиндік режимге байланысты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті қашықтықтан жұмыс режиміне көшеді. Барлық сұрақтарды вотсап-қа +7-747-862-28-79 жіберулеріңізді сұраймыз. Сіз ЕАСУ порталына ресми түрде берген өтінімдердің, ветеринарлық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша АШМ және КВКН-ға өтініштердің хаттарының қаралуын жеделдету үшін, Экспорт/импорт мәселелері бойынша консультация алу үшін осы нөмірге смс немесе құжаттардың көшірмелерін жібере аласыз. Жедел түрде жұмыс тобы ВБҚК қарайды және Сізге жауап жібереді» - делінген хабарламада.

 

Қазір оқып жатыр

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

.

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu