USD
USD
USD

Венесуэлада инфляция 3000%-ға жеткен

Елдегі Орталық банктің мәліметі бойынша, бағаның максималды өсімі желтоқсанда тіркелді. Венесуэлада 2020 жылы бағаның өсу көрсеткіші шамамен 3000% болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы.

Венесуэлада инфляция 3000%-ға жеткен
Фото: NEGE.kz

 Алматы. NEGE. Нақтырақ айтқанда, инфляция деңгейі 2 959,8%-ға жеткен. Бағаның ең минималды өсімі наурызда (13,3%), ең жоғары өсімі желтоқсанда (77,5%) тіркелді. Қаржы реттеушісі бұл көрсеткіш 2019 жылы 9 585,5% болғанын мәлім еткен еді. Венесуэла соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық дағдарысты бастан кешуде. Ұлттық валюта құнсызданып, қажетті тауарлардың жетіспеушілігі орын алды. БҰҰ мәліметіне сүйенсек, 4,5 миллионға жуық адам басқа елдерге көшіп кеткен.

Қазір оқып жатыр

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026

Астанада тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті

Өртке оранған автокөлік

ШҚО-да алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырған шенеунік 4 жылға сотталды

блогер соты