USD
USD
USD

Венада 6000-нан астам адам карантинге қарсы шеруге шықты

Австрияның Вена қаласында халық биліктің коронавирусқа қарсы қабылдаған қатаң шектеу шараларына қарсы ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Венада 6000-нан астам адам карантинге қарсы шеруге шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шаһар көшелеріне 6 мыңнан астам адам жиналған. Арасында студенттер мен кәсіпкерлер бар. Наразылар «шектеу шаралары ел экономикасын ғана емес, қарапайым халықтың да қалтасын қақты», дейді. Студенттер қашықтан оқу форматынан әбден мезі болғанын айтады. Австрия билігі елдегі карантинді қаңтардың 24-іне дейін ұзартпақ ниетте. Нақты шешім бүгін жарияланады. COVID-19 пандемиясы басталғалы елде 390 мың адам қауіпті вирус жұқтырып, оның 7 мыңға жуығы көз жұмды.

«Карантин талаптарынан әбден шаршадым. Биліктің бұл шешімімен мүлдем келіспейміз. Бәрімізді тығырыққа тіреді. Қашанғы осылай жалғаса береді?

Бұрынғы тыныс-тіршілікке оралатын кез келді. Әлеуметтік арақашықтық пен жеке бас гигиенасына қарсы емеспіз. Бірақ бұдан былай қамалып отыру мүмкін емес», – дейді тұрғындар.

Қазір оқып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков