USD
USD
USD

Веложарыс кезінде ер адам көз жұмды

Елордада веложарыс кезінде ер адам көз жұмды. ҚР Велоcипед спорты федерациясының мәліметінше, оның жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Веложарыс кезінде ер адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Елордада Tour of Uly Dala додасы кезінде веложарысқа қатысушылардың бірі есінен танып құлаған және сол жерде қайтыс болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 1983 жылғы ер адамның жүрегі тоқтап қалған. Жарыс кезінде кезекшілік атқарған жедел жәрдем бригадасы оған жедел медициналық көмек көрсеткен, алайда аман алып қалу мүмкін болмады» делінген Қазақстан велоспорт федерациясы жолдаған хабарламада.

Веложарысты ұйымдастырушылар марқұмның туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, осы оқиғадан кейін веложарысты аяқтап, 16 шілдеге жоспарланған кезеңді өткізуді тоқтату жөнінде шешім қабылданды.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors