USD
USD
USD

Велоспорт: Рамис Дінмұхаметов мәреге үшінші болып жетті

Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан велотректен ересектер арасындағы 43-ші Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 2-медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Велоспорт
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Алматы, NEGE. Топтан тыс қалу жарысында Рамис Дінмұхаметов қола жүлдеге ие болды. Осы бағдарламада әйелдер арасында Ұлттық құрама көшбасшысы Рината Сұлтанова жүлдеге бір табан жетпей, 4-сатыдан көрінді.

Ал спринтте Дмитрий Резанов мәреге 10-шы, Андрей Чугай 13-болып жетті.

Айта кетейік, Рамис былтыр Малайзияда өткен сары құрлық додасында жекелей сында күміс, командалық жарыста қола медаль жеңіп алған. Сосын, Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында «мэдисон» бағдарламасында Артем Захаровпен жұптасып, қола жүлдегер атанған.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев