USD
USD
USD

Велосипедтегі қарияны қағып кету фактісі бойынша жаңа мәліметтер пайда болды

Велосипедтегі қарияны қағып кету фактісі бойынша жаңа мәліметтер пайда болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Велосипедтегі қарияны қағып кету фактісі бойынша жаңа мәліметтер пайда болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Зейнеткерді велосипедпен қағып кеткен жүргізушінің ісі туралы жаңа мәліметтер белгілі болды. Сараптама нәтижелерін алғаннан кейін әкімшілік сипаттағы факт қылмыстық іске сараланды.

Аталған оқиға бойынша полиция қызметкерлері Қарасай ауданының ZAZ Chance автокөлігін басқарған 61 жастағы тұрғынды анықтады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы), 611-бабының 2-бөлігі (ЖКО орнын қалдыру) және 608-бабының 3-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Бүгін сараптама нәтижелерін алғаннан кейін іс қайта сараланып, ҚР ҚК 345-1-бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры