USD
USD
USD

Велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

Түркістан облысының полицейлері велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Велосипед ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Ол түнгі уақытта үйінің ауласынан құны 45 мың теңге тұратын велосипеді жоғалып кеткендігін хабарлаған.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері келеді. Полиция қызметкерлері қылмыс орнын мұқият тексеріп, көрген-білгендерден жауап алды, сондай-ақ жақын маңдағы аумақтарды аралап шықты. Аталған жайт ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сайрам АПБ-не тіркелді. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдіктіні мекен-жайы бойынша “ізін суытпай” ұстады.

Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Оны тәртіп сақшылары полиция басқармасына жеткізді. Тінту кезінде ұсталған адамнан ұрланған велосипед тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатта. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мүліктерінің сақталуын қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады.

Мүмкіндігінше үйлер мен аулаларда бейнебақылау камералары мен Күзет дабылын орнатқан жөн. Сондай-ақ, үй-жайларды нығайту керек, ал тұрғын-үйлердің терезелеріне темір торлар салып, кіретін есіктерді сенімді құлыптармен жабдықтау қажет. Егер сіз бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға “102” телефоны арқылы хабарласыңыз. 

Қазір оқып жатыр

Дубайдағы әйгілі қонақ үй 1,5 жылға жабылады

Burj Al Arab

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр

Жол ережесін бұзу

Жамбыл облысында екі оқушының мәйіті табылды

Полиция

Бастамашыл топ «Әділет» атты жаңа саяси партия құрылатынын мәлімдеді

Әділет