USD
USD
USD

Велосипед ұрлаған қызылордалық мәжбүрлі еңбекке тартылды

Велосипед ұрлаған қызылордалық мәжбүрлі еңбекке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Велосипед ұрлаған қызылордалық мәжбүрлі еңбекке тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жуырда М. есімді азаматқа сот үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, үш жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген. Ол дүкен алдында тұрған велосипедті ұрлап, мініп кеткен.

Қазіргі таңда ол өзінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы орган белгілеген орында мәжбүрлі түрде күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта тазалық және көгалдандыру жұмыстарымен айналысуда. Жаңақорған аудандық пробация қызметінің бастығы А.Искаковтың сөзінше, жыл басынан 8 сотталған мәжбүрлі еңбекке тартылған болса, оның алтауы мәжбүрлі еңбегін толық өтеген. Қазіргі таңда 2 сотталған азамат күніне төрт сағаттан өз ауылдарында абаттандыру, тазалық жұмыстарын атқарып жүр.

Пробация бақылауындағы азаматтардың қайта қылмысқа бармауы, сот жүктеген міндеттерді орындауы тұрғысында профилактикалық жұмыстар және күнделікті осы мәжбүрлі еңбекке тартылған сотталғандарды жұмыс орнынан тексеріс жұмыстары жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері