Вайнер Мейіржан Төребаев «қысқа мерзімді демалысқа» шығып, үйіне оралды
Бұл туралы әлеуметтік желіде вайнердің жұбайы Дана Есеева хабарлап, видео жүктеді.
Алматы, NEGE. «Қаржы пирамидасын құру» бойынша атышулы іс негізінде сотталған Вайнер Мейіржан Төребаев Павлодар облысындағы колониядан уақытша үйіне шығарылды. Заңға сәйкес оған қысқа мерзімді демалыс берілген.
Дана Есеева Мейіржан Төребаевтың отбасымен бірге отырған видеосын жариялады.
«Балалары бақыттан басы айналып жүр. Кішілері соңғы кездесуден кейін ғана тілдері шыққан, әкелеріне сұрақты жаудыртып жатыр. Ал үлкендері бәрін түсініп, саналы түрде жанында үнсіз отыр. Жақын арада Павлодарға қайтадан оралатынын түсініп, құшақтайды. Онда Мейіржан күндіз Еңбек РМК-да жұмыс істеп, кешке мекемеге оралады», - деп жазылған видеода.
Естеріңізге сала кетейік, Төребаев Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша 5 жылға сотталған болатын.
«Қылмыстық-атқару кодексінің 113-бабының негізінде 2024 жылғы 17 мамырда Мейіржан Төребаевқа мекемеден тыс жерлерге шығу, атап айтқанда, 2024 жылғы 17 мамырдан бастап 2024 жылғы 27 мамырға дейін (жол ескеріле отырып) Алматыда 11 күнтізбелік күнге анасының ауруына байланысты қысқа мерзімді демалыс берілді», – делінген Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазір оқып жатыр
Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды
Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек
Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты
Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті