USD
USD
USD

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында «Вашингтон моделін» құптайтынын жеткізді. Бұл модель ЖИ технологиясын қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамытуды көздейді.

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Жиында Мемлекет басшысы жақында АҚШ Президенті Дональд Трамп пен ірі технологиялық компаниялар басшылары қол қойған жасанды интеллектінің озық технологияларын қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамыту туралы ерікті келісімнің стратегиялық маңызына тоқталып өтті.

«Жасанды интеллектіге қатысты қауіп-қатерлер ешқандай шекараға бағынбайтынын бәрі түсінеді. Сондықтан мемлекеттер мен бизнес қауымдастық тарапынан үйлесімді әрекет қажет. Вашингтонда қол қойылған келісімді сарапшылар мұқият зерделеген соң мүдделі мемлекеттер жасанды интеллект саласын жаһандық деңгейде реттейтін үлгі ретінде қарастыруына болады. "Вашингтон моделі" БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл ретте Президент Қазақстан жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамытуды қолдайтынын атап өтіп, аталған мәселе бойынша сындарлы халықаралық диалог жүргізуге алаң ұсына алатынын айтып өтті.

Сондай-ақ ол Кеңес мүшелеріне қысқа мерзім ішінде Қазақстанның осы салаға қатысты халықаралық бастамасына нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, ортақ ұстаным биыл желтоқсан айында Майамиде өтетін G20 саммитінде таныстырылады.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.