USD
USD
USD

«Ваше превосходительство» – Астана әуежайында Путинді күтіп алу үшін арнайы баннер ілінді

Ресей Президентінің Қазақстанға сапарына байланысты Астана әуежайының алдындағы экранда «Мәртебелі, Владимир Путин мырза, Астанаға қош келдіңіз!» деген жазуы бар баннер орнатылды.

Путин
Фото: видео-скрин

Астана, NEGE. Астанада ілінген баннердің видеосы желіде тарап, халықтың наразылығын тудырды. 

Сыртқы істер министрлігі бұл сапардың ресми емес, мемлекеттік сапар мәртебесі бар екенін және бұл халықаралық хаттамаға сәйкес екенін түсіндірді. Мемлекеттік сапар дипломатиялық қабылдаудың ең жоғары деңгейі болып саналады.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары кезіндегі салтанатты рәсімнің ресми сапардан да ерекше болғанын атап өтті. 

Бұл хаттама Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де қолданылады, деп атап өтті саясаттанушы Ғазиз Әбішев. Мысалы, Ресейге сапармен келген Беларусь президенті Александр Лукашенкоға да «Мәртебелі» деген сөздер айтылған. 

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен бүгін елімізге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова