USD
USD
USD

Ваннадағы суға батып кете жаздаған қарт кісі құтқарылды

1 қазанда Ақкөл қаласында тәртіп сақшылары өзінің жуынатын бөлмесіндегі ваннаға батып кете жаздаған 70 жастағы ер адамды құтқарды.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полицияға жергілікті тұрғыннан ағасының 30 қыркүйектен бастап байланысқа шықпағаны жайлы хабар келді. Әпкесі жалғыз тұратын ақмолалықтың денсаулығына алаңдағанын айтты.

Полиция қызметкерлері Абылай Дәукенов, Арай Бек және Демежан Серсенбаев дереу көрсетілген мекенжайға барды, сондай-ақ оқиға орнына ТЖ бөлімінің қызметкерлері келді.

Үйге келген полицейлер есіктің ішінен құлыпталғанын көріп, пәтерге терезе арқылы кірген.

Топ ішке кіргенде, олар жуынатын бөлмеде суық судың ваннадан төгіліп жатқанын көрді. Қарт кісінің құлап, кранды жұлып алып, өздігінен ваннадан шыға алмағаны белгілі болды.

Полиция мен құтқарушылар дер кезінде көмектесіп, қайғылы жағдайдың алдын алды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев әскери әзірлік сапасын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талап етті

Тоқаев, Омарбеков, Савельева

«Санитарлар зорлық-зомбылық көрсеткен»: Аягөзде ерекше балаларды қорлаудың жүзден астам фактісі анықталды

Тәрбиеленуші мен санитар

Жыл басынан бері 8,8 мың адам құтқарылған: ТЖМ жұмысының нәтижелері жарияланды

Тжм

Алматыда жеті жүзге жуық студентке шәкіртақы дер кезінде төленбеген: жалпы қарыз 50 млн теңгеге жеткен

Ақша