USD
USD
USD

Вакцинациялау жыл соңына дейін жалғасуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында вакцинациялау бойынша тұрғындардың белсенділігі төмендеп кетті. Мамандардың айтуынша, жағдай дұрысталмаса, науқан жыл соңына дейін жалғасуы мүмкін.

Вакцинациялау жыл соңына дейін жалғасуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  СҚО-да осы күнге дейін 75 739 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды. 42 171 адам вакцинацияның толық курсынан өтті. Өңір бойынша екпе алғандар арасында асқынулар тіркелмеген.

«Өңірде вакцина алушылардың қатары соңғы кезде азайып кетті. Коронавирусқа қарсы екпе алудың маңызы зор. Бұл жайында айтып келеміз. Әрине, ешкімді мәжбүрлей алмаймыз. Өзінің, жақындарының денсаулығын ойлағандар екпе салдырып жатыр», - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов.

Қазір облыста вакцина жеткілікті. Үш түрлі препараттың 36 мыңнан астам бірінші компоненті және 26 мыңнан астам екінші компоненті бар.

«Өңірде қазір орта есеппен күніне 640-650 адам екпе алады. Бұған дейін күніне 2 мың, 3 мың адам вакцина қойдырған кездер болды. Қазір тұрғындар тарапынан белсенділік төмендеп кетті. Біз вакцинацияны қыркүйек айына дейін аяқтауды жоспарлаған едік. Бірақ жағдай осылай жалғасатын болса, вакцинация жыл соңына дейін созылып кетуі мүмкін», - дейді Құмар Күсемісов.

Жалпы СҚО-да осы күнге дейін коронавирусты 15 мыңға жуық адам жұқтырды. Олардың 14 314-і жазылып шықты. Өңірде сырқаттарға арналған 630 инфекциялық орын бар. Ол 28 пайызға толық, яғни 78 адам ем алып жатыр. 64 орын жансақтау бөлімшесінде болса, онда ауыр халдегі 17 адам жатыр.

Қазір оқып жатыр

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ

«Қазақмыс» жұмысшыларының талабын арнайы комиссия қарайтын болды

Қазақмыс