USD
USD
USD

Вакцинациядан кейін қандай симптомдар болуы мүмкін?

Нұр-Сұлтан қалалы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін қандай әсерлер болуы мүмкіндігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вакцинациядан кейін қандай симптомдар болуы мүмкін?
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Қандай вакцина салдырсақ та, дәрі ектірсек те оның адам ағзасына әртүрлі әсері болуы мүмкін. Яғни, екпе жасатқан жер ауырсынуы, қызаруы мүмкін. Бұған қоса, жалпы ағзаның реакциясы болып, кей адамда дене қызуы көтерілуі, әлсіздік пайда болуы ықтымал. Мұның барлығы адам ағзасына байланысты», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, вакцинация жасатқан адамның қолына жадынама беріледі. Онда екпе салдырғаннан кейін барлық көрсетілімдер толықтай жазылған. «Вакцинациядан кейін 3 күн бойы ішімдік ішуге, темекі шешуге болмайды. Моншаға түсуге және суық тигізуге болмайтындығын да пациенттерге түсіндіреміз. Өзім бүгін таңертеңгі сағат 10-да вакцина салдырдым. Қазір жағдайым жақсы, маған да түсіндірді. Сонымен қатар бұл процесс цирфландырылған, СМС келді. Онда өзімді қалай ұстауым керектігі және 21 ақпанда екінші компонентті алуға келуім тиістігі ескертілген», - Тимур Мұратов.

Қазір оқып жатыр

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы қаржысын журналистер, депутаттар мен күштік құрылым өкілдері бақылайды

Құрылыс

Атырауда мұнай компаниясына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салды

мұнай компаниясы

Қазақстанда тағы үш микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Банкир

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі