USD
USD
USD

Вакцинация паспортын сатып алғандар екпе алуға әлі өтінім бермеген

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинация паспортын сатып алған қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы екпе алуға көмектесуге дайын. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.

Вакцинация паспортын сатып алғандар екпе алуға әлі өтінім бермеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Вице-министрдің айтуынша, өңірлердің бәрінде жалған вакцинация паспортын жасаған медицина қызметкерлері үстінен қылмыстық іс қозғалған. Вакцинация паспортын заңсыз жолмен сатып алу әрекеттеріне қарсы күрес әлі де жүріп жатыр.

"Бір кезде заңсыз тәсілге жүгінген, енді вакцина алғысы келетіндерге қатысты айтсақ, бүгінде бізге ондай өтінім әлі келген жоқ. Жүгінген жағдайда ондай тұрғындармен жұмыс істеуге дайынбыз. Бірақ бұл жерде бірқатар нормативтік-заңнамалық мәселелерді атқаруымыз керек. Яғни, тиісті құзырлы органдардың мақұлдауы керек. Бірыңғай шешім шыққан кезде ол туралы мәлімдейміз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін вакцинация паспортын сатып алғандар екпе салдыра алатыны хабарланған болатын. 

"Біз рақымшылық енгіздік және бір кездері қателік жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартпаймыз. Біздің міндет - жазалау емес, вакциналау. Оның ішінде вакцинация паспортын сатып алғандарды да. Вакцинация орталығына келіп, мойындап, екпе алу керек. Ешкім кімнен, қалай сатып алғанын сұрамайды", - деді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин.

Қазір оқып жатыр

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды

.

Сот Қуандық Бишімбаевтың туысының кассациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды

Бақытжан Байжанов

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерін скринингке жіберуге міндеттелмек

скрининг

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады

Ердоған, Тоқаев