Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Вакцинация мен ПТР-тест оразаны бұза ма?

Коронавирусқа қарсы екпе оразаны бұзбайды. Бұл туралы Алматының бас имамы Еркінбек Шоқай айтты.

Вакцинация мен ПТР-тест оразаны бұза ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында онлайн-брифинг өтті. Кеңес барысында қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай ораза ұстауға ниет етіп жүрген мұсылмандардан түскен сұрақтарға жауап берді. Спикер коронавирусқа қарсы вакцина мен ПТР-тест тапсыру оразаны бұзбайтынын түсіндірді.

Еркінбек Шоқайдың айтуынша, егер зат (сұйықтық) адам ағзасына ауыз немесе мұрынмен асқазан-ішек жолдары арқылы түсетін болса, ораза бұзылады. Ал вакцина инъекция жолымен енгенде ораза бұзылмайды. Сондықтан ковидке қарсы екпе салдыру оразаны бұзбайды.

"Қазір коронавиурс тек біздің елге ғана емес, күллі әлемге қауіп төндіруде. Ғалымдар мен медицина қызметкерлері одан құтылудың жолын іздестіріп жатыр. Дәрігерлер қазір бұл індеттен құтылудың бірден-бір жолы ретінде екпе салуды ұсынып отыр. Өзім дәрігерлерге сенемін. Сондықтан жаппай вакцина алғанымыз дұрыс. Екпенің шариғатқа ешқандай қайшылғы жоқ", - деді Алматы мешітінің бас имамы. 

Ол дәруменге жатпайтын, тек емдеу мақсатында қолданылатын инъекцияларға рұқсат берілгенін айтты.

Сонымен бірге, имам ПТР-тестілеуден өту  оразаны бұзбайтынын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда Рамазан 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 13 мамыр - Ораза айттың бірінші күні.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық