USD
USD
USD

Вакцинаның екі дозасын алғандарға ақша төленеді

Украина президенті де вакцинаның қос дозасын алған әрбір азаматқа мың гривень төленетінін мәлімдеді. Сондай-ақ бұл елде COVID-ке қарсы екпе алмаған қызметкерді жұмыстан босатуға құқығы бар мемлекеттік мекемелердің саны артты.

Вакцинаның екі дозасын алғандарға ақша төленеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Украина кабинет министрлігінің Жарлығы бойынша әлеуметтік оңалту орталықтары, білім беру орындары, пошта, теміржол саласынының жұмысшылары міндетті түрде вакцина алуы тиіс. Өйтпеген күнде мемлекеттік мекеме басшысы немесе кәсіпорын жетекшісі қарамағындағы қызметкерін жұмыстан заң бойынша жалақысыз шеттете алады.

COVID-ке қарсы екпенің екі дозасын бүгінде Украинаның он млн тұрғыны алып үлгірген. Ал вакцина салдырмаған азаматтарды жұмыстан шеттетуге қатысты шешімге саяси сарапшылардың айтары бар. Олардың айтуынша, үкіметтің бұл қадамы кейбір талаптарға қарама-қайшы көрінеді.

Денсаулық сақтау министрлігі ковид вирусын жұқтырып, жедел түрде емханаға жеткізілгендердің 90 процентке жуығында вакцина болмаған, деп дабыл қағып жатыр. Бұл ретте халықты ынталандыру үшін Ел Президенті Владимир Зеленский Үкіметтен екпенің екі дозасын алған әр азаматқа 1000 гривень, яғни 16 мың 153 теңге бөлінетінін мәлімдеді. Бұл мақсатқа жыл аяғына дейін қазынадан 110 млн доллар бөлінеді.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы