USD
USD
USD

Вакциналау және ПТР растау талаптары алынып тасталады

8 маусымнан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктер үшін вакциналау мен ПТР растау талаптары алынып тасталады.

Вакциналау және ПТР растау талаптары алынып тасталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері мен өңірлердің басшылары қатысты.

Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия келесідей шешімдер қабылдады:

Бірінші: биылғы 8 маусымнан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын (COVID 19-ға қарсы вакциналау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы) құжаттық растау бойынша, ал олар болмаған кезде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы ұсыну талабы алынып тасталады; 

Екінші: республиканың 7 өңіріндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу бекетіне жұмыс істеуге салынған тыйым алынып тасталады.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев