USD
USD
USD

Вакциналау ұйымдастырмаған жұмыс берушілерді қандай жаза күтіп тұр?

Қызметкерлері арасында вакциналауды ұйымдастырмаған жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева айтты.

Вакциналау ұйымдастырмаған жұмыс берушілерді қандай жаза күтіп тұр?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жұмысшылар арасында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны ұйымдастырмағаны үшін жұмыс берушілер Кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік арқалайды», - деді қалалық бас санитар дәрігердің орынбасары.

Сондай-ақ, ол елордалықтар арасында әлі де ұжымдық иммунитет қалыптаспағанын еске салды.

«Кейінгі бір айда вакцина алғысы келетіндердің саны артқанымен, ұжымдық иммунитет қалыптасатындай ауқымға жеткен жоқпыз. Аурудың таралуын әрі қарай болдырмау үшін 15 шілдеде Бас санитар дәрігер қаулы шығарғанын білесіздер. Осы құжат бойынша 10 тамызға дейін коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін, 1 қыркүйекке дейін екінші компонентін алмаған жұмысшылардың офлайн режимде жұмыс істеуі шектеледі. Тек медициналық қарсы тұрақты көрсетілімдері бар және 3 ай көлемінде ауырып шыққан адамдарға бұл шектеудің қатысы жоқ»», - деді Жанна Пралиева.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев