USD
USD
USD

Вакцина жүкті әйелдерге қауіпті ме?

Алматы репродуктологы Салтанат Байқошқарова COVID-19 вакцинасының жоспарланған жүктілікке әсері туралы қауесетті жоққа шығарды. Оның айтуынша, вакцина қажет, өйткені бұл ананы да, баланы да қорғайды.

Вакцина жүкті әйелдерге қауіпті ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Салтанат Байқошқарова “Пробиркадан" шыққан тұңғыш қазақстандық баланың авторы және Қазақстандағы репродуктологияның негізін қалаушы. Ол ата-ана болуға дайындалып жүргендерге коронавирусқа қарсы вакцина алуға кеңес берді. Бұл туралы дәрігер “Алматы” телеарнасына берген сұхбатында айтты.

"Егер әйел жүктілік кезінде COVID-19 ауруын жұқтырса, қауіпті асқынулар туындайды", - деді Салтанат Байқошқарова. 

Репродуктология мен эмбриология саласындағы танымал көшбасшы маман вакцина әйелді де, ер адамды да бедеулікке әкелмейді деп сендіреді. Сондай-ақ, маман КВИ вакцинасынан кейін ЭКО бағдарламасынан бас тарту жалған екенін айтты.

"Коронавирус вакцинасынан кейін ешкім ЭКО-дан бас тартпайды. Вакцинаның екінші дозасын алып бір айдан кейін жүктілікті жоспарлап, ЭКО бағдарламасына баруға болады", – деді С. Байқошқарова. 

Сонымен қатар дәрігер вакцина адамның репродуктивті жүйесіне әсер етпейтінін айтты.

"Керісінше вакцина алған адамда коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптасады сондықтан жүктілікті жоспарлауға болады. Вакцина ерлерді де, әйелдерді де бедеулікке әкелмейді. Біз науқастарға алдымен вакцина алуды, бір-екі айдан кейін жүктілікті жоспарлауды ұсынамыз", - деді С. Байқошқарова.

Оның айтуынша, егер әйел табиғи жолмен немесе ЭКО-мен жүкті болып, ауру жұқтырса жүктілік кезінде асқынулар болады. "Әрине, қайғылы жағдай болғанын қаламайтынымыз анық, сондықтан вакцина алу маңызды", - деді дәрігер.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға