USD
USD
USD

Вакцина зауытының құны – 7 млрд теңге

Жамбыл облысындағы коронавируске қарсы вакцина зауыты 60 млн доза шығаратын болады. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында салынып жатқан вакцина зауытының құнын атады, деп хабарлады inbusiness.kz.

Вакцина зауытының құны – 7 млрд теңге
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. «Президенттің тапсырмасы бойынша Жамбыл облысының Қордай ауданында вакцина шығаратын зауыт салынып жатыр. Зауыттың құны қазір шамамен 7 млрд теңге деп бағаланып отыр. Қуатына келсек,  кем дегенде 30 миллионнан 60 миллионға дейін коронавирус вакцинасын шығаратын болады. Тек коронавиурсқа қарсы вакцина ғана шығармайды. Қазірдің өзінде брюцеллез, дерматит, құс тұмауына қарсы екпелер шығарады. Яғни кәсіпорын жануарлардың да, адамдардың да иммунитетін көтеруге бағытталған.  Зауыт жыл соңына дейін іске қосылуы керек. Ал наурыз айында алғашқы өнімін береді. Ондағы қызметкерлерді қолдау үшін зауыт жанында тұрғын үй салынып жатыр. Бірінші 90 пәтерлік тұрғын үй келесі жылы беріледі. Қалған екі үй келесі жылы салынады. Сондай-ақ, ондағы мамандардың жалақысын көтеру қарастырылып жатыр», - деді Бердібек Сапарбаев.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.