USD
USD
USD

Вакцина туризмі жайлы білесіз бе?

 «Қандай да бір себептерге байланысты ковид вакцинасын өз елдерінде салдыра алмаған туристер шет ел асып, екпені сол жақта алып жатыр», – дейді мамандар.

Вакцина туризмі жайлы білесіз бе?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әсіресе АҚШ-қа ағылып жатқандардың саны артуда. Көптеген америкалық ковид вакцинасын алуды қаламай отырған уақытта, миллиондаған турист ат арытып АҚШ-қа арнайы екпе салдыру үшін ағылып жатыр. Бұл – халық арасында вакцина туризмі атымен белгілі жаңа тренд. Екпеге алуға деген сұраныстың көптігі соншалық, кейбір әуежайларда орналасқан вакциналау орталықтарында екпе салдыруға жазылған халықтың 80 процентін амеркалықтар емес, шетелдік туристер құрап отыр.

 Вакцина алу үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Әуежайдан шықпай-ақ екпе салдыруға болады. 18 жасқа толсаңыз болғаны, кедендік бақылаудан өтіп, кезегіңізді алып, бір сағаттың ішінде екпе қабылдайсыз.  Дегенмен мұндай трендтің екінші жағы бар. Шет ел асып вакцина салдырып жатқандардың дені бақуатты елдерден келетін қалтасы қалың туристер. Ал вакцинаға шын мәнінде мұқтаж жандардың шет ел аспақ түгілі, қала орталығындағы ауруханаға да баруға мүмкіндігі жоқ. Бір ғана мысал, Сингапур, Дания, Араб Әмірліктері мен Канада сияқты дамыған елдерде халықтың 70-тен астам проценті вакцина салдырып үлгерсе, Африка континентіндегі жағдай мүлдем басқа. Екпе салдырғандардың саны тіпті екі процентіне де жетпейді.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park