17 Маусым 16:56
...

«Вакцина шығарып көрмеген елде зауыт салу көп сұрақ туғызады»

Фото:
Қазақстанның вакцина шығаруда ешқандай тәжірибесі жоқ, деп мәлім

деді белгілі дәрігер Қайырғали Көнеев.
Алматы, NEGE. «Коронавиус жайында айтуға әлі ерте, өздеріңіз де түсінесіздер ғой, Қазақстанның вакцина шығаруда ешқандай тәжірибесі жоқ. Сөйтеді де бір кезде Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт салуда. Әлбетте, күдік ұялатады. Егер ол 200 жыл бойы вакцина шығарып келе жатқан қандай да бір беделді фармкомпания болса жағдай басқа. Ал енді өмірі вакцина шығарып көрмеген елдің вакцина шығара бастауы, әрине көп сұрақ туындатады», - деді Көнеев сәрсенбідегі баспасөз-мәслихатында.
Бұл ретте ол вакцинадан кейінгі жағдайға да баса назар аударды.
«Тұмауға қары вакцина туралы, мен сіздерге айтайын, тұмауға қарсы вакцинанының өзінің де вакцинадан кейін жағдай болады. яғни, сіз тұмауға қрһарсы екпе салдырасыз, бірақ вакцнадан кейін сіз тұмау жұқтырғандай сезімже боласыз. Әлбетте, коронавирусте де сондай болуы мүмкін, себебі бұл респираторлық вирустық инфекциялар тобына жататын вирус», - деді ол.
Еске салсақ, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысында Қордай ауданының Гвардейский қала үлгісіндегі кентінде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ) жанындағы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берді. Зауыт тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандарты бойынша иммунобиологиялық дәрі-дәрмектер, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина шығаратын болады. Қазіргі таңда Қазақстан ҒЗИ-ның COVID-19-ға қарсы кандидаттық вакцинасы ДДСҰ тізіміне енгізілген және клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатыр.

Тегтер: