USD
USD
USD

Вакцина салдыру үшін арнайы тіркеуі болу керек пе?

 Алматыда коронавирус вакцинасын салдыру үшін тұрғылықты жері бойынша тіркелу талап етіле ме?

Вакцина салдыру үшін арнайы тіркеуі болу керек пе?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл сауалға онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев жауап берді. Оның айтуынша, алматылықтардың басым бөлігі вакцинаны тіркелген емханаларында салдырады. «Егер ол Алматы қаласының тұрғыны болса және жұмыс орны бойынша жақын клиникаға жүгінсе, онда одан ешкім бас тартпайды. Бізде қалаға келіп, осында жұмыс істейтін адамдар бар.

Мысалы, Алматыда жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің 30% - қала сыртынан келетіндер. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы медициналық мекемелерге жұмыс орнында вакцина егуге рұқсат берді. Алматыда тұратындардың барлығына екпе қолжетімді. Егер олар тіркелген емханасында салдырғысы келсе, жазылып, кезекке тұра алады», - деді ол. Бұған дейін Нариман Табынбаев Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинация бірнеше күнге шектелетінін мәлім еткен болатын.

Қазір оқып жатыр

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай