Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Вакцина салдырмағандар қашықтан жұмыс істейді

Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин вакцина салдырмағандар қашықтан жұмыс істейтінін айтты.

Вакцина салдырмағандар қашықтан жұмыс істейді
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Оның айтуынша, қызметкерлері толықтай вакцина салдырған болса офисте бұрынғыдай жұмыс істей алады.

«Мекемелердің, кеңселердің жұмысына қатысты сұрақ өте жиі қойылады. Егер Ashyq жүйесіне қосылмаған болса, қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан, 20 пайызы кеңседен жұмыс істей алады. Қызметкерлері толық вакцина салдырған болса пайыздық үлес ескерілмейді, тек вакцина салдырмағандар қашықтан жұмыс істеуге жіберіледі», - деді Жандарбек Бекшин.

Бекшин тұрғындарды эпидемиологтар мен дәрігерлерге жауапкершілікпен қарауға шақырды. Оның айтуынша, қазір бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қолды жиі жуу мен вакцина алу сынды санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев