USD
USD
USD

Вакцина алмағандар жұмыс күндері де сауда орталықтарына кіре алмауы мүмкін

Қазіргі таңда Ashyq қосымшасының «көк» статусын иеленушілер сауда орталықтарына демалыс күндері ғана кіре алмайды

Вакцина алмағандар жұмыс күндері де сауда орталықтарына кіре алмауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматыда Ashyq жүйесіне 23 214 мекеме мен ұйым қосылды, жарты жылда олардың саны 13 есе өскен. Бұл туралы Алматы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салтанат Лесбаева айтты.

Оның сөзінше, қазір 479 нысан жүйеде көшбасшы болып тұр. QR-код бойынша келушілер саны аз болған 3 044 қатысушы жүйеден шығарылды.

«Қазір бас санитар дәрігердің №47 қаулысы бойынша «жасыл» статусы бар тұлғалар нысандарға бара алады. Жақында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында бұл тәжірибені жұмыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысында қолдану ұсынылды. Яғни сауда және ойын-сауық орталықтарына тек «жасыл» статусы бар адамдарды кіргізу мәселесі қаралып жатыр. «Атамекен» бұл мәселені талқылауға белсенді қатысады, өйткені сауда орталықтарында көптеген кәсіпкер жұмыс істейді», –  дейді Салтанат Лесбаева.

Ол сондай-ақ сауда орталықтарында кірісі төмендеуі мүмкін басқа да қызмет түрлері бар екенін айтып, бұл мәселенің денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе шешілетінін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстарында шекарада бақылау күшейтілді

Шекарадағы бақылау

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу