Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Вакцина алмағандар жаппай вирус жұқтыруда

АҚШ-та өлім жағдайларымен бірген COVID-19 жұқтыру көрсеткіші артты.

Вакцина алмағандар жаппай вирус жұқтыруда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа Дельта штамын жұқтырушылар санының көбеюі пандемияның жаңа толқынын туғызды, бұл вакциналанбаған адамдар арасында жиі кездесуде, деп хабарлайды Америка дауысы жаңалықтар қызметі.

Вакцинация деңгейі ең төмен төрт штатта өткен аптада 40% инфекция жұқтыру жағдайы тіркелген. Алайда ауруға шалдығушылар санының артуы барлық 50 штатта байқалады.

Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры, доктор Рошель Валенски жұма күні өткен аптада АҚШ-та күн сайын орта есеппен 26 000 жаңа коронавирус жағдайы тіркелгенін айтты.

Оның айтуынша, эпидемия «вакциналанбаған адамдар арасындағы пандемияға» айналды.

Кейін жұмада президент Джо Байден «біздегі пандемия - вакцинацияланбаған адамдар арасындағы пандемия» екенін растады.

Джонс Хопкинс университетінің коронавирус бойынша орталығының сенбі күнгі мәліметіне сенсек, әлемде COVID-19-дан 4 миллионнан астам өлім жағдайы тіркелген.

Зерттеушілердің деректеріне сәйкес, 2020 жылдан бастап әлем бойынша жаңа коронавирусқа шалдығудың 189 миллионнан астам жағдайы тіркелген.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті