Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Вакцина алғаннан кейін қанша адам коронавирус жұқтырды?

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцина салдырса да, коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың статистикасын жариялады.

Вакцина алғаннан кейін қанша адам коронавирус жұқтырды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта вакцинациядан кейін 6 420 адам ауырып қалған. Оның ішінде «Спутник» алған 5 511 адам, «Hayat Vax» - 665, «QazVac» - 113 және «CoronaVac» салдырған 124 адам бар. «Айта кетейік, мұнда әлі де вакцина алғандардың үлесі өте аз: екпе салдырған 5,2 миллион адамның 0,1% ғана ауырып қалған.

Бұл вакцинаның тиімді әсер ететінін, яғни аурудан қорғайтынын көрсетеді. Және вакциналаудың дельта-штаммнан да қорғай алатынын көрсетеді»,-деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова ОКҚ брифингінде журналистер сұрағына берген жауабында. Айта кетейік, Қазақстан коронавирусқа қарсы тағы бір қытайлық вакцина сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі