USD
USD
USD

Вакцина алғаннан кейін иммунитет қалай өзгереді?

Салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарда вакцина алғаннан кейін иммунитет жылдам қалыптасады.

Вакцина алғаннан кейін иммунитет қалай өзгереді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Республикалық диагностикалық орталықтың клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Елена Ковзель вакцина алғаннан кейін адамға босаңсуға болмайтынын ескертті.

«Вакцина алғанан кейін де адам өзінің иммундық жүйесінің белсенділігін қолдап, вирустың қарқынды әсерінен қорғануы керек. Сондықтан салауатты өмір салтын сақтаудың маңызы зор. Иммундық жүйені қуаттандырып отыру үшін құнарлы тамақтану қажет. Жасушалардың жұмысы қалыпты болуы үшін дәрумендер мен микроэлементтердің болғаны жақсы. Тамаққа қосылатын түрлі қоспаларды пайдалану міндетті емес. Балғын жеміс пен көкөніс, сарымсақ жеуге болады. Қарапайым, қалыпты тамақтанған жөн. Тамақ құрамындағы майдың мөлшері де қалыпты болуы керек», - деді медицина ғылымдарының докторы онлайн дәрісте.

Елена Ковзель вакцина ағзаға иммундық қуат беру үшін барынша салауатты өмір салтын ұстану қажет деп отыр.

«Адамның қозғалысы да қалыпты болғаны маңызды. Қозғалыс арқылы микротізбек жақсы жүреді. Ал ол иммундық жүйенің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қан айналамының жақсы жүруі біздің иммундық жүйемізге жақсы қолдау болады. Күйзелістен аулақ болуға тырысу керек. Стрестегі адамның иммунитеті түсіңкі болады. Адам өзін сабырлы ұстап, сенімді жүрсе, иммунитеті де бәсеңдемейді. Ондай адамды инфекция да ала алмайды», – деді дәрігер.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті