USD
USD
USD

Вакцина алғандар арасында ұтыс ойыны ойнатылуда

Алматыда вакцина алғандар арасында ұтыс ойнатылып жатыр.

Вакцина алғандар арасында ұтыс ойыны ойнатылуда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылы 21 мамырда Covid-19 вакцинасының бірінші компонентін алатын қала тұрғындары үшін ұтыс ойыны басталды. «Строй сити», «Ақбұлақ» сауда орталықтары мен «Жібек жолы» базарында коронавиурске қарсы вакцинаның алғашқы компонентін алғандар арасында ұтыс ойны өтіп жатыр.

Қатысушылардың ешқайсысы ұтыссыз қалмайды. Вакцина алушылардың «Спутник V» және «Hayat Vax» екпелерінің бірін таңдау мүмкіндігі бар»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Акцияның басты мақсаты - пандемиямен күресу, халықты ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина алуға ынталандыру. Шараны Алатау ауданының әкімдігі мен сол аудандағы медициналық мекемелер ұйымдастырды.

Айта кетейік, ұтыс сыйлықтары арасында шаңсорғыш, ыдыс жинағы, қысқа толқынды пеш, шаш кептіргіш және басқа да қажетті заттар бар. Акцияға бүгін кешкі сағат 17.00 дейін болады.

Қазір оқып жатыр

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылуда – Энергетика министрлігі

Ерлан Ақкенженов

Атырау МӨЗ-дегі шығарындылар дауы: кәсіпорын не дейді?

мұнай өңдеу