Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Вакцина алғандар алты айдан кейін қайта салдыруға міндетті ме?

  Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов ревакцинация туралы пікір білдірді.

Вакцина алғандар алты айдан кейін қайта салдыруға міндетті ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Марат Шорановтың айтуынша, вакцина алып қойған адамдардың алты айдан кейін қайта екпе алуы қаншалықты міндетті екені туралы нақты мәлімет әзірге жоқ. «Денсаулық сақтау министрлігіне алты айдан кейін ревакцинация жүргізу қажеттігі туралы ресми ақпарат түскен жоқ. Біз тұрақты жұмыс жүргізіп отырмыз. Барлық әзірлеушілерімізбен байланыстамыз, ревакцинация туралы дәлелді, негізді түсінік үшін әлемдік тәжірибені зерделеп жатырмыз» - деді вице-министр. Ведомство өкілі нақты ақпарат пайда болған жағдайда министрлік қажетті шаралар қабылдап, нұсқаулықтарға түзету енгізетін болады.

«Бұл, әрине, вакциналар көлемін жоспарлауға әсер етеді. Біз бұл мәселенің маңыздылығын түсініп отырмыз», - деді Марат Шоранов орталық коммуникациялар қызметінде. Брифинг барысында Марат Шоранов вакцина алған адамдардың екі апта өткен донор бола алатынын айтты. «Жалпы вакцина алған адамның донор болуына ешқандай шектеу жоқ. Тек бір ғана шектеу бар. Екпе алғанан кейін екі аптаның ішінде донор болуға болмайды. Ал жалпы ғалымдардың мәліметі бойынша ондай шектеулер жоқ», - деді вице министр. 

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауында Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар алғашқы болып дауыс берді

Құрылтай сайлауы

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.