USD
USD
USD

Вакансияны жарияламай адам алған жұмыс берушілерге айыппұл салынуы мүмкін

Қазақстанда жұмыс берушілер бос жұмыс орны туралы қызметкерді жұмысқа қабылдағанға дейін Enbek.kz платформасында жариялауға міндетті. Бұл талапты орындамаған компаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Іс
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарын жариялау және жұмыссыз азаматтардың мәртебесін жаңарту тәртібін түсіндірді.

Бұдан былай компанияда жаңа бос жұмыс орны пайда болса, оны бес жұмыс күні ішінде Enbek.kz сайтына беруге тиіс. Ең бастысы – вакансия қызметкер ресми түрде жұмысқа қабылданғанға дейін жариялануы керек. Яғни маманды алдын ала тауып, бірден еңбек шартына сәйкес рәсімдеп, бос орынды кейін жариялау белгіленген тәртіпке сәйкес келмейді.

Ал бос жұмыс орындарын уақытында жарияламаған немесе алдағы уақытта қызметкерлердің қысқартылуы туралы ақпаратты ұсынбаған жұмыс берушілерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: алдымен ескерту жасалады, ал заңбұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл салынбақ.

Министрлік жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың мәртебесіне қатысты да түсініктеме берді.

Азамат жұмысқа орналасқан кезде бұл ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара ықпалдастығы арқылы автоматты түрде есепке алынады. Сондықтан жұмысқа тұрғанын мансап орталығына хабарламай қою оның мәртебесін бұрынғыдай сақтап қалуға мүмкіндік бермейді.

Сонымен бірге азамат жұмысқа орналасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мансап орталығына тиісті ақпарат беруге міндетті.

Қазір оқып жатыр

Үкімет басшысы лауазымында қалған Бектенов Президентке қандай уәде берді?

Олжас Бектенов

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды

Ләззат Танысбай

141 депутат қолдады: Ерлан Қарин вице-президент лауазымына тағайындалды

Ерлан Қарин

Президент премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновті қайта тағайындауды ұсынды

Бектенов