USD
USD
USD

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамалды

 Алматыда Mudaraban Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынды.

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тергеу сотының қаулысы бойынша Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты бұлтартпау шарасын кепілден 10 тәулік мерзімге күзетпен ұстауға өзгертуге санкция берілді» делінген хабарламада.

19 сәуір күні Алматыда «Mudaraban Capital» қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынғаны туралы жазған болатынбыз. Еске салайық, аталған тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті Тергеу басқармасы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған еді.

Айта кетейік, аталған іске қатысы бар деген күдікпен танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов күдікті ретінде ұсталған болатын. Кейін тергеу соты екеуіне қатысты «кепілмен босату» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Үшінші күдікті – тағы бір танымал вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды.

15 сәуір күні ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев қаржы пирамидасын құру ісі бойынша тергеу аяқталғанын мәлім еткен еді.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы