USD
USD
USD

Вайнер Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі 18 қыркүйекке дейін ұзартылды

Вайнер Мейіржан Төребаевқа қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы 30 тәулікке ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

Вайнер Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі 18 қыркүйекке дейін ұзартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "17 тамызда күдіктіні іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 30 тәулікке, яғни 18 қыркүйекке дейін ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды", - деп хабарлады қалалық сот.

10 ақпанда Төребаев пен Шерниязовқа қатысты «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Сәуірдің 11-і күні Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасының қатысушысы Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін-өзі өртеп жіберді. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев оқиғаға түсініктеме бере отырып, жәбірленуші тергеу органдарына қысым көрсету үшін өзін-өзі өртеп жібергенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт