USD
USD
USD

«Вагнер» қатарына қабылданған қазақ жігіт Қазақстан Қарулы күштеріне қызметке жарамаған

"Вагнер" жеке әскери компаниясына қабылданған 23 жастағы қазақстандық Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы әскери қызметке жарамсыз деп танылған.

«Вагнер» қатарына қабылданған қазақ жігіт Қазақстан Қарулы күштеріне қызметке жарамаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары, бас штабтың бастығы, генерал-майор Қаныш Әбубәкіров "Вагнер ЖӘК" мекемесіне қабылданған қазақстандық студентке қатысты жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бұл азаматқа келсек, ол Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарына алынуға жарамсыз болған. Негізгі мәліметтерге келсек, бұл мәселемен айналысатын басқа да органдар бар және олар бұл азаматтың әрекетіне құқықтық баға береді – Қорғаныс министрлігі деп ойлаймын", – деді Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары Қаныш Әбубәкіров. 

Сонымен қатар ол жеке әскери ротаның әрекетіне және жалпы жағдайға құқықтық бағаны басқа уәкілетті органдар беретінін, мұндай баға Қорғаныс министрлігінің құзыретіне кірмейтінін атап өтті.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Томск университетінің студенті Қазақстан азаматының ресейлік "Вагнер" ЖӘК-пен келісімшартқа отырғаны туралы ақпаратты растаған еді. Әлеуметтік желілерде 23 жастағы қазақстандықтың компанияның Украина аумағындағы әскери бөлімшелерінде жүргені туралы ақпарат тарап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG