USD
USD
USD

Вадим Басин "АрселорМиттал Теміртаудың" көмір департаментіне басшы болды

Қасым-Жомарт Тоқаев Вадим Басинге "АрселорМиттал Теміртаудың" көмір департаментін басқаруды тапсырды, деп хабарлады Zakon.kz.

Вадим Басин "АрселорМиттал Теміртаудың" көмір департаментіне басшы болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамына қарасты Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің жақындарымен кездесуде 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланатынын және "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қатысты тиісті шара қабылданатынын айтты.

"Ертең бүкіл еліміз бойынша жалпыұлттық аза тұту күні жарияланады. Мен "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату жөнінде тапсырма бердім. Бұл мекеме Үкіметпен және кәсіпорынмен ынтымақтастық тұрғысынан біздің тарихымыздағы ең нашар компания болды. Енді кәсіпорынның өзіне қатысты шаралар қабылдау туралы ойлануымыз керек. Басин Вадим Борисович деген азамат бар. Сіздер оны білесіздер. Ол бір кездері "АрселорМитталда" жұмыс істеген. Облыс әкімінің орынбасары болды. Мен оған қайтып келіп, кәсіпорынды басқаруды тапсырамын. Кәсіпорынның қазіргі басшылығының қолынан ештеңе келмейді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.