USD
USD
USD

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Құрылыс компаниясының арызы негізінде журналист Вадим Борейконың банк шоттары бұғатталып, зейнетақы түсетін картасына да шектеу қойылған.

.
Фото: Вадим Борейко

Астана, NEGE. Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының төрағасы Нұржан Арингазиновтің айтуынша, сот орындаушылары қаражатқа тыйым салу кезінде оның зейнетақы немесе жалақы екенін анықтай алмайды. Себебі банктер сот орындаушыларына қаражаттың қайдан түскені туралы ақпарат бермейді.

Сондықтан ол зейнетақы, алимент және әлеуметтік төлемдерді алу үшін арнайы шот ашуды ұсынды, өйткені оларға тыйым салынбайды.

«Арнайы шоттарға арест қойылмайды. Борейконың жағдайына келсек, ол зейнетақы алу үшін арнайы шот емес, өзіне ыңғайлы қарапайым банк шотын пайдаланған болуы мүмкін. Енді ол Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан анықтама алып, бұл шотқа зейнетақы түсетінін дәлелдей алады. Осыдан кейін сот орындаушысы қойылған тыйымды алып тастайды», – деді Арингазинов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктермен интеграция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жүйе іске қосылғаннан кейін зейнетақы, алимент және жәрдемақы түсетін шоттарды бұғаттау мәселесі түбегейлі шешілуі мүмкін.

«Банктермен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Егер олар шоттағы қаражаттың қайдан түскенін көрсетсе, біз әлеуметтік төлемдерге арест салмаймыз», – деді ол.

Журналист Вадим Борейконың шоттары «Etude-Ybyrai» құрылыс компаниясының 71 млн теңге көлеміндегі талабына байланысты бұғатталған. Аталмыш компания Борейконың жарияланымдары өзінің іскерлік беделіне нұқсан келтіріп, материалдық шығынға әкелді деп есептейді.

Ал Борейконың айтуынша, бұл құрылыс компаниясы Алматы қаласының 12-шағынауданында Premier тұрғын үй кешенін салып жатыр. Аталған нысанға тұрғындар шағымданып, бұл туралы «Гиперборей» YouTube-арнасында бірнеше материал жарияланған.

Сонымен қатар Вадим Борейко өз бағдарламасында жеке пікір білдірмегенін, түрлі спикерлерге сөз бергенін айтады. 

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

.

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Ақ жол

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

.

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

БПЛА