USD
USD
USD

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты «Астана-Арена» стадионында өтеді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ересектерге арналған билет бағасы 500 теңгеден бастап 15 000 теңгеге дейін жетеді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Сайыстарға кіру билеттерінің орташа бағасы – 3600 теңге. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, оқушыларға жеңілдіктер мен арзандатылған бағалар қарастырылған. Бұл туралы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев айтты.

Сайыстар өтетін «Этноауыл», «Қазанат», «Арғымақ» спорттық алаңдарына арнайы автобустар қатынайды. Автобустар сағат 8:00-21:00-ге дейін «Астана Арена» стадионы, ЭКСПО және Республикалық Бас мешіт аумағынан тегін тасымалдайды. Дүбірлі додада ел намысын 216 спортшы қорғайды.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні сағат 19.00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен көрсетіледі.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «WornerBros» қаржы пирамидасы бөлімшесінің бастығы сотталды

Сталкинг

Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстарында шекарада бақылау күшейтілді

Шекарадағы бақылау

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ